×
496.41
542.77
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.41
542.77
6.05

Škoda Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq кроссоверін таныстырды

Бүгін, 08:52
Škoda Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq кроссоверін таныстырды

Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq 2.0 TSI қозғалтқышымен және 7 сатылы DSG автоматты беріліс қорабымен жабдықталып, Sportline жиынтығында ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Škoda брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – “Прага Авто” компаниясы, Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіреді. Олар Škoda Karoq толық жетекті кроссоверінің сатылымы басталғанын мәлімдеді.

Škoda Karoq

Škoda Karoq – жайлы, қуатты және заманауи технологияларды қамтитын стильді кроссовер. Ол талғамға сай әрі ұстамды дизайны, эргономикасы және еуропалық бренд дәстүрлерін сақтаған ерекше көрінісімен ерекшеленеді.

2.0 TSI қозғалтқышы бар Karoq ТМД нарығына алғаш рет өзінің үздік нұсқасында ұсынылып отыр. Көлік муфта технологиясымен жабдықталған DQ-381 DSG 7 сатылы автоматты беріліс қорабы бар. Бұл беріліс қорабы Škoda желісіндегі ең сенімді әрі заманауи түрі болып саналады. Ол берілістерді жылдам ауыстырып, автокөліктің тез және тиімді үдеуін қамтамасыз етеді. 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 7 секундта жетеді.

Турбокомпрессоры бар төрт цилиндрлі бензинді қозғалтқышы 190 а.к. қуатпен жұмыс істейді. Максималды айналуы 320 Нм, минутына 1500-4100 айналым жасайды. Бұл көлік қала ішінде де, ұзақ сапарларда да сенімді серіктесіңіз бола алады деген сөз. Сонымен қатар, оның жанармай шығыны төмен – тас жолда 100 шақырымда 5,7 литр ғана “жейді”.

Автокөліктің өлшемдері: ұзындығы: 4390 мм, ені: 1841 мм, биіктігі (рейлингтерімен): 1608 мм, доңғалақ базасы: 2630 мм, жүксалғыш көлемі: 500 литр.

Karoq-тың жоғары орналасқан фаралары және радиатор торы жолды таза әрі айқын көрсетеді. Оның динамикалық пішіндері мен сыртқы келбеті бірегей дизайн концепциясын қалыптастырады. Матрицалық фаралар және алыс жарықты автоматты басқару жүйесі жол жағдайына және уақытқа байланысты жарық деңгейін бейімдеп отырады, нәтижесінде жүргізуші жолды тамаша көріп отырады.

Karoq 2.0 TSI 4x4 максималды қауіпсіздік рейтингіне ие болды. Euro NCAP бұл модельге 5 жұлдыз қойған, бұл оның барлық жолаушы үшін жоғары деңгейдегі қорғанысын растайды. Көліктің корпусында берік болат қолданылған, бұл оның жолдағы және жолсыз жерлердегі басқару қабілетін арттырады.

Автомобильге келесі заманауи технологиялар орнатылған: матрицалық LED-фаралар, 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, KESSY Full – кілтсіз кіру жүйесі, Bolero аудиожүйесі (8 динамик), электрлі панорамалық шатыр, көпфункционалды 3 спицалы спорттық былғары руль (DSG басқару және жылытқышпен), круиз-контроль жылдамдық шектеуімен, сlimatronic климаттық бақылау жүйесі, Driving Mode Selection – жүргізу режимін таңдау жүйесі, Light Assistant – жарықты басқару жүйесі, салонның амбиенттік жарықтандыруы, былғарымен қапталған орындықтар, электрлі жүксалғыш қақпағы (виртуалды педальмен), жад функциясы бар электрлі алдыңғы орындықтар, сымсыз телефон қуаттау құрылғысы, Area View – 360° шолу жүйесі, Smart Link – смартфондарды интеграциялау жүйесі, автоматты тұраққа қою жүйесі. 

Қазақстанда толық жетекті Škoda Karoq-тың бастапқы бағасы 18 890 000 теңгеден басталады.

Көлікке 2 жылға кепілдік беріледі. Ал үшінші жылы 100 000 км жүріс шектеуі қарастырылған. Škoda Karoq және басқа да модельдер туралы толығырақ ақпаратты Қазақстандағы ресми дилерлік орталықтардан немесе ресми сайттан білуге болады: www.skoda-qazaqstan.com.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Škoda Auto – әлемдегі ең көне автокөлік өндірушілерінің бірі. 125 жылдан астам тарихы бар бренд Чехия, Қытай, Германия, Үндістан, Словакия және Украинада автомобиль шығарады. Өткен жылы Škoda Auto 24 миллиард еуро табыс пен 1,7 миллиард еуро операциялық пайдаға қол жеткізіп, 866 000-нан астам автомобиль өндірді. Бренд Чехиядан бөлек, Үндістан мен Вьетнамда да жетекші орынға ие.

Қазақстанда Škoda 2005-2021 жылдар аралығында жұмыс істеп, 25 000-нан астам автомобиль сатты.

Қазақстандағы Škoda көліктерінің ресми дистрибьюторы – Prague Auto, ол Allur автокомпаниясының құрамына кіреді.

Allur (www.allur.kz) – Қазақстандағы ірі автокөлік өндіруші және дистрибьюторлық компания. Ол Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Škoda маркаларының ресми дистрибьюторы мен дилері.