Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 694,7 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 224,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СТАТИСТИКА
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 800 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 96 117 теңге, базалық зейнетақы – 47 683 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңге болып, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.