×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Үндістанда ғибадатханада 12 адам қаза болды

01.01.2022, 19:51
Фото: ашық дереккөз

Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағындағы ғибадатханада кептеліс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

tass.ru-дың мәліметінше, бұл туралы Үндістан қорғаныс министрі Раджнат Сингх хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға түнде Вайшно-деви үңгір ғибадатханасында болған. Жанжал дұға етуге келгендер арасындағы кикілжің салдарынан туындаған.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстарына 200 мың үнді рупий (2,7 мың доллар) және зардап шеккендерге 50 мың рупий (670 доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары