×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

«Көлдің құны 26,7 млрд теңге»: Солтүстік Қазақстандағы «Теке» мемлекетке қайтарылды

«Көлдің құны 26,7 млрд теңге»: Солтүстік Қазақстандағы «Теке» мемлекетке қайтарылды
gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге «Теке» көлін қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨЛ НЕГЕ ЖЕКЕГЕ ӨТІП КЕТКЕН

2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды.  

Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді.

Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгелік жалпы ауданы 21,5 мың га ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауында.