×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

«Руымды тұрмысқа шыққасын бір-ақ білдім»: танымал актриса өкінішін жеткізді

20.03.2025, 21:45
«Руымды тұрмысқа шыққасын бір-ақ білдім»: танымал актриса өкінішін жеткізді
Әлеуметтік желіден

"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдап халыққа танымал болған актриса Салтанат Серкебаев "Айтарым бар" подкасына берген сұхбатында өзінің қиын тағдыры туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ӘКЕМ ЕРТЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАН”

Актриса Салтанат Серкебаева әкесінен ерте айрылғанын айта келе өзінің руын білмейтінін мойындайды. 

“Менің әкем ерте қайтыс болған тоғыз жасымда. Әрдайым біз сары үйсінбіз деп ойлайтынбыз. Әкем солай айтатын. Қазір әкем жақтың туыстарымен мен енді-енді араласып келе жатырмын. Руым басқаша болып шықты. Дулат болып шықтық. Әркім әртүрлі ақпарат айтып жатады. Өмір бойы сары үйсінмін деп ойлап келгеннен солай айтатынмын барлық жерде.  Қазір енді сары үйсін мен дулаттың ортасында жүрмін. Тұрмысқа шығып босанғаннан кейін бір-ақ білдім оны”- дейді Серкебаева. 

Сондай-ақ ол сұхбат барысында отбасы туралы, шахтерлықты таңдаған анасы туралы айтады. 

САЛТАНАТ СЕРКЕБАЕВА

Салтанат Серкебаева – қазақстандық актриса және тележүргізуші. Ол бірнеше фильмдер мен телехикаяларда рөлдер ойнаған, соның ішінде тарихи фильмдер мен комедиялар бар. Әсіресе “Томирис” көркем фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Сонымен қатар, ол "Жібек жолы" телеарнасында "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған.