×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Алғашқы әскери дайындық: бес күндік әскери лагерьге оқушы қыздарды әкеткелі жатыр

21.03.2025, 13:34
Алғашқы әскери дайындық: бес күндік әскери лагерьге оқушы қыздарды әкеткелі жатыр
Ашық дереккөзден

Қазақстан мектептерінде Алғашқы әскери-техникалық дайындық (АӘТД) пәнінің мазмұны жаңартылады. Жаңа бағдарламада әскери машықтар мен тактикалық дайындыққа басымдық беріледі, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкіметтің депутаттарға берілген жауабында жазылған. Оған сәйкесн негізгі өзгерістер мынадай болмақ:

Саптық дайындық, барлау және ұрыста әрекет ету тәсілдері енгізіледі;

  • Пневматикалық винтовкадан ату жаттығулары жүргізіледі;
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері оқытылады;
  • 10-сынып оқушылары үшін 5 күндік оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады;
  • Қыз балаларға да әскери лагерьге қатысу мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу-ағарту министрлігі, қорғаныс министрлігі және ұлттық білім академиясы жаңа бағдарламаны әзірлеуге кірісті. Бұл өзгерістер оқушылардың әскери дағдыларын дамытып, қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған.