×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

АҚШ Украина мен Ресей арасында "жанама келіссөздерді" ұйымдастырады

21.03.2025, 15:20
АҚШ Украина мен Ресей арасында "жанама келіссөздерді" ұйымдастырады
ТАСС

АҚШ Сауд Арабиясында Ресей мен Украина делегациялары арасында жанама келіссөздер ұйымдастыруда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог осы жайлы былай дейді:

Бір топ бір бөлмеде, екіншісі басқа бөлмеде болады. Олар сөйлесіп, келіссөз жүргізеді, бір-біріне хабар жеткізіп отырады. Бұл қонақүйдегі «шаттл дипломатиясы» тәрізді өтеді. Осылайша, олардың қандай ұстанымда екенін анықтаймыз.

Келіссөздерге АҚШ атынан президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және саясатты жоспарлау жөніндегі директор Майкл Антон қатысады, деп жазады DW.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский мен РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының 24 наурызда Эр-Риядта кездесетінін растаған болатын. Зеленскийдің айтуынша, Украинаны келіссөздерде "техникалық топ" өкілдері таныстырады. Алдымен Украина мен АҚШ делегациялары, кейін АҚШ пен Ресей өкілдері жеке кездеседі.

18 наурызда Владимир Путин мен Дональд Трамп жыл басынан бері екінші рет телефон арқылы сөйлесіп, шамамен екі жарым сағатқа созылған келіссөз жүргізді. Нәтижесінде энергетикалық нысандарға шабуылды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, Путин тұтқындармен кезекті алмасу жоспарланып отырғанын хабарлады.