×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

«Мынау не сұмдық!»: ұлттық киім киген мысық елді ашуландырды

Бүгін, 09:40
«Мынау не сұмдық!»: ұлттық киім киген мысық елді ашуландырды
Видеодан алынған кадр

TikTok әлеуметтік желісінде қазақтың ұлттық киімі кигізілген мысықтың бейнежазбасы тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды қатты сынға алып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Домбыраның күмбірлеген сазымен сүйемелденген бейнежазбада басына сәукеле, үстіне жасыл камзол мен қос етек көйлек кигізілген мысықтың ары-бері жүріп, одан кейін кішкентай киіз үйге кіріп кеткені анық көрінеді. Куәгерлердің бірі бұл көріністі таспаға түсіріп алып: «Мынау не сұмдық! Қазақтың ұлттық дүниелерін мазақ ету ме?! деп жазып, бейнежазбаны желіге жүктеді.

Желі қолданушылары «Бұл не масқара?!», «Істеген адамды заңға тарту керек?», «Қазақтың ұлттық дүниелерін мазақ қылып бітті ғой», «Тексіздік қой мынау!» деген сыңайда пікірлер жазып, істеген адамды дереу жауапқа тарту керектігін айтты.