×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Ресейге қарсы санкциялардан Қазақстан не ұтады: Азия мұнай сатып алуды күрт арттырды

22.03.2025, 15:35
Ресейге қарсы санкциялардан Қазақстан не ұтады: Азия мұнай сатып алуды күрт арттырды
Коллаж Ulysmedia

АҚШ Ресей мұнайын тасымалдайтын флотқа қарсы санкцияларды күшейткеннен кейін Азияның мұнай өңдеу зауыттары балама жеткізушілерді іздей бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Investing.com ақпаратына сүйенсек, Сарықұрлықты «қара алтынмен» қамтамасыз ететін негізгі жеткізушілердің бірі ретінде Қазақстан аталады. Қазақстанның Азияға CPC сортты мұнай экспорты ақпан айында 40-45%-ға өскен және бұл құбылыс наурыз айында да жалғасын тапқан.

Қазақстан мұнайын жеткізу көлемінің ұлғаюы Қара теңіздегі жүк тасымалы бағасының өсуіне алып келеді. Қаңтар айының ортасынан бері Новороссийскіден Үндістан мен Қытайға Suezmax танкерлері арқылы мұнай тасымалдау бағасы барреліне 0,3 долларға өсіп, сәйкесінше 7,4 және 9,5 долларға жетті.

Наурыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі рекордтық деңгейге жетіп, белгіленген ОПЕК+ квоталарынан асып түсті.