×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Қазақстан артық өндірілген мұнайды өтеуге міндеттенді

23.03.2025, 08:40
Қазақстан артық өндірілген мұнайды өтеуге міндеттенді
magnumoil.ru

Қазақстан 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы маусымға дейін тәулігіне жалпы көлемі 908 000 баррель артық өндірілген мұнайды өтеуге міндеттенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей, Сауд Арабиясы, Ирак және Қазақстанды қоса алғанда сегіз ел ОПЕК хатшылығына артық өндірісті өтеу жөніндегі жаңартылған жоспарды ұсынды. Мұнай өндіруді өтеу кестесі Қазақстанның негізгі квотасына қосымша ерікті қысқарту болып есептеледі, ол наурыз айында тәулігіне 1,468 миллион баррель болса, сәуірден бастап тәулігіне 1,473 миллион баррельге жетеді.

ОПЕК жоспары бойынша Қазақстан квотасы 2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында тәулігіне 1,550 баррельге дейін ұлғаяды.

Қазақстанда мұнай өндіру қаңтармен салыстырғанда өткен айда 13%-ға өсіп, Теңіз кен орнындағы өндірістің артуы есебінен тәулігіне 900 000 баррельден асты. Бұл өсім Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) аясындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуымен байланысты.

Қазақстан 2025 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіруді 2024 жылғы 87,56 миллион тоннадан 96,2 миллион тоннаға дейін ұлғайтқысы келеді.

Бұған дейін Қазақстанның наурыз айында мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі жоспарлары белгілі болған.