×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Сот Ыстамбұл мэрін қамауға алды

23.03.2025, 12:58
Сот Ыстамбұл мэрін қамауға алды
Getty Images

Түркия мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, сот Экрем Имамоғлыны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен түрмеге жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.  

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Экрем Имамоғлы 560 миллиард түрік лирі сомасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық ісін тергеу аясында қамауға алынды, – деп жазды A Haber.

Бұдан өзге мәліметтер жоқ. Оппозициялық саясаткердің қашанға дейін қамауда отыратыны да әзірге белгісіз.

Бұл шешімді Анкара мэрі Мансур Яваш қатаң сынға алып, «сот жүйесі үшін масқара жағдай» деп атады.  

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәлімдеуінше, 22 наурыз күні кешке Ыстамбұлда және Түркияның басқа қалаларында болған наразылық кезінде 323 адам ұсталған.

Министр Ыстамбұлдың Сарачан ауданында митингіге қатысушылар полиция қызметкеріне «қышқыл сұйықтық» шашып, шабуыл жасағанын айтты. Ал тәртіп сақшылары оларға қарсы су атқыштар мен көзден жас ағызатын газды қолданғанын жазды бұқаралық ақпарат құралдары.

Кейбір тұрғындар өздеріне резеңке оқ атылғанын айтты.