×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Екі баласын өлтірді деген күдікпен атыраулық әйел қамауға алынды

23.03.2025, 18:28
Екі баласын өлтірді деген күдікпен атыраулық әйел қамауға алынды
Ашық дереккөздерден алынды

Бүгін, 23 наурызда Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен екі кішкентай баланың денесі табылды. Олардың өліміне күдікті ретінде бүлдіршіндердің анасы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘЙЕКСӨЗ

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел босанғаннан кейінгі депрессия жағдайында болған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменінен.

Тергеу амалдары полиция басшылығының бақылауына алынған. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр. Балалардың жасы нешеде екені әзірге айтылған жоқ. Күдікті әйел Атырау облысының тұрғыны екені белгілі болды.