Наурыздың 23-інен 24-іне қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр концорциумының (КҚК) Кропоткинская мұнай айдау станциясына тағы да шабуыл жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі ақпарат таратты. Ведомствоның мәлімдеуінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі ұшқышсыз ұшу аппараттарын станциядан 7 шақырым қашықта атып түсірген. Оның қалдықтары Кавказская теміржол бекітінің жақын жерге құлаған.
Естеріңізде болса, 19 наурызда Кавказская станицасындағы мұнай базасына дрондар шабуыл жасап, соның салдарынан қоймасындағы резервуар өртенген. Ал 21 наурызға қараған түні жарылыс болған. Екі өрт сөндіруші жарақат алған. Қызыл жалын 10 мың шаршы метрді шарпыған.
Ресей Қорғаныс министрлігі 19 наурыздағы шабуыл Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындағы телефон арқылы әңгімеден кейін бірнеше сағат өткенде болғанын хабарлады. Осы келіссөздердер кейін Мәскеу мен Киев бір ай бойы бір-бірінің энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасамау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген.
Айта кетейік, Каспий құбыры консорциумының Қазақстан үшін маңызы зор. Біздің елде өндірілетін мұнайдың 75%-ы Теңіз-Новороссийск арқылы тасымалданады.