×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Тағы да төбелес: Павлодарда мектеп оқушысының сыныптасын соққыға жыққан

Тағы да төбелес: Павлодарда мектеп оқушысының сыныптасын соққыға жыққан
Видео кадры

Павлодарда мектеп оқушысының сыныптасын соққыға жыққан. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Павлодардағы  №16 мектеп оқушылары төбелес шығарған. Видеода бір оқушы екінші қызды төпелеп жатқаны көрсетіледі. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл дерек бойынша полиция тексеру жүргізді. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. 

- Заңды өкіл бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға кәмелетке толмағандарды "ШҚО Серебрянск қаласында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа" жіберу туралы мәселе шығарылды, дейді облыстық ПД өкілдері. 

Жасөспірімдер оқытылатын жалпы білім беретін мектептің әкімшілігіне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныс жіберілген.