Алматыда АҚШ консулдығының үй-жайын салу үшін 70 мың шаршы метр жер беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тиісті заң жобасын бүгін мәжілісте қаралды. Келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында қол қойылған. Ол бойынша Алматыда АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін сол елдің үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісім ратификациялануы керек.
КЕЛІСІМДЕ НЕ ЖАЗЫЛҒАН
АҚШ тарапы жалдау кезеңі үшін, сондай-ақ одан кейінгі ұзарту кезеңдеріне жер учаскесі үшін жалдау ақысының мөлшері 25 301 016 АҚШ долларын құрайды. Келісім енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин хабарлады.
Келісімнің 3-бабына сәйкес жалдау ақысын қоспағанда, АҚШ үкіметі жер учаскесі мен консулдық ғимаратына қатысты қандай да бір салықтар мен өзге де төлемдерді төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, Келісімнің 6-бабында АҚШ Үкіметі консулдық ғимаратының құрылысына байланысты өзіне жұмсалған барлық шығыстарды, сондай-ақ байланыс, электр, газ, су және жылумен жабдықтау қызметтерін, басқа да коммуналдық қызметтерді Қазақстанда қолданыстағы нормативтер мен тарифтерге сәйкес төлей отырып, ғимаратты күтіп-ұстауға және жөндеуге жұмсалған шығыстарды дербес төлеуге міндеттенетіні белгіленеді.
Ғимаратты салу және жабдықтау үшін АҚШ-та өндірілген материалдарды, жабдықтарды және тауарларды пайдалана алатын АҚШ мердігері бас мердігер ретінде әрекет етеді.
Консулдық ғимаратты жабдықтау және жиhазбен жабдықтау үшін АҚШ Үкіметі импорттайтын барлық материалдар, керек-жарақтар мен тауарлар кедендік төлемдерден, импорт салықтарынан және рұқсат алу талаптарынан босатылады.