Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапанов сотта күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қожақапанов өзіне тағылған айып бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол куәгерлерге қысым көрсетіліп жатқанын айтты.
- Бізде кінәсіздік презумпциясы деген жоқ. Керісінше, айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге мәжбүр. Куәгерлер сегіз ай бойы шындықты айта алмай келді, ал енді олар алғаш рет қорықпай сөйлеуге мүмкіндік алды. Олар өз мәлімдемелерін толығымен өзгертті. Енді маған 12 жыл түрме жазасы берілуі мүмкін деп жатыр. Бұған қоғамды алдын ала дайындады. Неге осындай жалған ақпарат таратады? Жалған нәрселер куәгерлерге қысым жасау, оларды адастыру және дәлелдерді қолдан жасау арқылы күш алып отыр, деді ол.
ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Бұған дейін антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Ерлан Қожағапанов 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
ТЕРГЕУ
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік.
ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ
Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.