×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қожағапанов сот отырысы кезінде Антикорға шүйлікті

Қожағапанов сот отырысы кезінде Антикорға шүйлікті
Ulysmedia.kz коллажы

Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапанов сотта Антикорға шүйлікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот отырысы кезінде Қожағапанов қандай бап бойынша айыпталып отырғанын еске салды. Ол қылмыстық кодекстің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша күдікке ілінген. 

- Баптың санкциясы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал жақында антикор басшылығындағы адамдардың бірі мені басқа бап бойынша айыптап жатқанын, ол бойынша 12 жылға дейін сотталуым мүмкін екенін айтты, ал бұл шындыққа жанаспайды, дейді Қожағапанов. 

ҚАНША ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН

Бұған дейін антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Ерлан Қожағапанов 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. 

ТЕРГЕУ

Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған тергеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік. 

ОЛ НЕ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Қожағапов былтыр наурызда ұсталғанын антикор хабарлаған еді. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. “Бұл ретте форумды өткізу үшін смета екі есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты” деген сол тұста антикор.