×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қызылордадағы перзентханада әйелге ВИЧ жұқтырған: министр заң бұзылмағанын мәлімдеді

26.03.2025, 18:51
Қызылордадағы перзентханада әйелге ВИЧ жұқтырған: министр заң бұзылмағанын мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанған әйелдің иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрі Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жұқпаның көзі ретінде инкубациялық кезеңде қан тапсырған науқас анықталғанын хабарлады. Бұл кезеңде зертханалық талдаулар аурудың бар-жоғын көрсете алмайды.

Оқиға перинаталдық орталықта орын алды. Бұл жағдайға қатысты тиісті зерттеу жұмыстарын осы қызметті үйлестіретін республикалық орталықтар жүргізді. Тексеру нәтижесінде инфекция көзі болған науқастың серонегативті кезеңде қан тапсырғаны анықталды. Яғни, ол ВИЧ жұқтырған, алайда сол сәтте жүргізілген қан талдауы бұл диагнозды растай алмады", – деді министр.

Әлназарованың айтуынша, медициналық көмек көрсету барысында ешқандай рәсімдік немесе стандарттық бұзушылықтар тіркелмеген.

Біз бұл жағдайдан тиісті қорытынды шығардық. Медициналық көмек көрсету кезеңінде белгіленген стандарттардың бұзылуы анықталған жоқ. Бұл – инкубациялық кезең, яғни ауруды клиникалық немесе зертханалық әдістермен анықтау мүмкін болмайтын уақыт аралығы, – деп түсіндірді ол.

Шенеунік зардап шеккен әйелге мемлекеттік бюджет есебінен ем-дом көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда бұл жағдайға байланысты қандай да бір тұлғалардың жауапкершілікке тартылатыны туралы сұраққа нақты жауап бермеді.