Көлсайдың етегіндегі Саты ауылы соңғы күндері тынышын таппай отыр. Ауыл халқын дүр сілкіндірген оқиға ел арасында үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЕЙІТТІ ТАЛҚАНДАҒАН
Бұл оқиға туралы журналист Диас Нұрақын желідегі парақшасында жазды.
Жуырда осы Саты ауылының бір тұрғыны “дінімізге қайшы” деген желеумен ауыл зиратындағы құлпытастарды талқандап, марқұмдардың мәңгілік мекенін астан-кестен етткен.
“Құрметті ауыл тұрғындары бейіттің жоғары жағындағы аты-жөні жазылған тастардың барлығын сындырған. Мынау өмірден өткен жақындарымызды қорлау ма? Әдейілеп тұрып сындырып оны бейіттің ішіне шашқан” – дейді видеоға түсіріп тұрған бейтаныс азамат.
Бұл жантүршігерлік әрекет Саты тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Жақындарының қабірі қорланғанын көрген ауыл халқы әділдік сұрап, дабыл қағуып отыр.
"Жақындарының қабірі қорланғанын көрген аядай ғана ауыл тұрғындары ашулы. Осындай әсіредіншілердің кесірінен ел арасына іріткі түседі. Бір есерсоқ бүтін бір ауылдың берекесін қашырады. Бір құмалақ бір қарын майді шірітеді. " — дейді журналист Диас Нұрақын.
ФАНАТИЗМ СЕБЕП ПЕ?
Ауыл тұрғындары мұндай әрекетке діни фанатизмнің итермелегеніне сенімді.
"Мұның бәрі тик-ток имамдардың, уағызшыл ұстаздардың кесірі. Бір ғана кітап оқып алған, көкірегі соқыр адамдар соларға сеніп, асыл дінімізді ластап бітті" — дейді журналист.
Саты ауылының тұрғындары кінәлілерді әділ жазаға тартуды талап етіп отыр.