×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды

Қазақстанда шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды
Ашық дереккөзден

Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СЕНАТ

Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Жаңа нормалар спорттың басым бағыттарын дамытуға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл саладағы саясат Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бейімделді.

ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

  • Ұлттық спорт федерациялары аймақтық федерацияларға қарағанда басымдыққа ие болады.
  • Кәсіби клубтарға бөлінетін қаржыға шектеу қойылып, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына басымдық беріледі.
  • Жергілікті билік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің бағасын реттей алады.
  • Спорттық медицинаны дамыту және спортшыларды даярлау стандарттарын күшейту шаралары қолға алынады.
  • Спорт саласындағы мемлекеттік ұйым басшыларын ауыстыру жүйесі енгізіледі.
  • Шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.