×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Бір жылда Қазақстаннан қанша адам кетті - cтатистка

29.03.2025, 08:30
Бір жылда Қазақстаннан қанша адам кетті - cтатистка
Ulysmedia

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сыртқы көші-қон туралы деректер ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, былтыр сыртқы көші-қонның оң қарқыны байқалды. Егер 2023 жылы шетелге 9 344 адам шықса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 17 164 адамға дейін өсті. Көші-қон сальдосы екінші жыл қатарынан оң нәтиже көрсетіп отыр. Былтыр Қазақстанға 30 мың адам келсе, елден 12,8 мың адам кетті. Бұл +17,2 мың адамға таза өсімді көрсетеді.

БІЛІМДІ АДАМДАР КӨБІРЕК КЕЛГЕН

Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі үлесі ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі. Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады, елге білімді адамдар көбірек келген.

Асқарбек Ертаев ең көп өсім техникалық мамандық иелері (+1 597 адам), педагогтар (+526 адам), дәрігерлер (+295 адам) және ауыл шаруашылығы мамандары (+151 адам) арасында байқалғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы 1 070 этникалық қазақтың тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғаны туралы жазылған.