×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Мьянмада тағы да жер сілкінді, қаза тапқандар саны мыңнан асты

29.03.2025, 16:50
Мьянмада тағы да жер сілкінді, қаза тапқандар саны мыңнан асты
The Myanmar Military True News Information Team/AP/dpa/picture alliance

Бүгін, 29 наурызда Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды. Кешелі бері елде табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны мыңнан асып, зардап шеккендер 2400 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 балл болды. Жерасты дүмпуінің ошағы ел астанасы – Нэйпидо қаласынан 19 шақырым оңтүстік-батысқа қарай аймақта тіркелді. Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі апат салдарын бағалап жатыр.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 28 наурызда Мьянманың орталық бөлігінде 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Елдің бұл бөлігінде 1 миллион адам тұрады және көптеген тарихи храм орналасқан. Жерасты дүмпуінің қатты болғаны соншалық, олар жақын маңдағы Бангкок пен Қытайдың Юньнань провинциясында да сезілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-нан асты.

ҚР СІМ Таиландтағы қазақстандықтар көмек сұрамағанын хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады.