×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Министр «қағазбастылықты жойдық» деп баяндап жатқан кезде еgov.kz порталынан ақау шықты

01.04.2025, 10:36
Министр «қағазбастылықты жойдық» деп баяндап жатқан кезде еgov.kz порталынан ақау шықты
Үкімет

еgov.kz порталының ішінде 1 сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін таңертеңнен бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру басталған. Алайда әуелі еgov.kz порталы істемей қалды, кейін істегенімен ішінен 1 сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті.

Кейін азаматтарға 1 сыныпқа балаларды қабылдау қызметі бүгін сағат 15.00-де қайта қалпына келетіні хабарланды.

Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мектепке қабылдау кезінде қағазбастылықты толық жойдық, – деді бүгін үкіметте цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Бүгін мектепке қабылдауға өтініш беретін күн. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.

Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталған. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.