×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Алматыда қар көшкіні болды: ТЖД не дейді

Алматыда қар көшкіні болды: ТЖД не дейді
Видео кадры

ТЖД Алматының тауларында қар көшкінін түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУІПСІЗДІК

Медеу ауданында "Шымбұлақ" шаңғы курортының аумағында демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ауа температурасының жоғарылауына және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты "Кіші Алматы" өзенінің бассейніндегі үш көшкін алабында  ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізді.

Барлығы 20 000 текше метр қар түсірілді, осылайша қар көшкінінің өздігінен түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жыл басынан бері Алматы тауларында қар көшкінінің 17 профилактикалық түсуі жүргізілген. Қардың жалпы көлемі- 121 615 м3.

ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» ММ мен медицина және апаттар орталығының қызметкерлері қар көшкінінің алдын алу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.