×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Дариға Назарбаева: Кен орындарын барлап, игеру үшін ашық конкурс өткізу керек

22.09.2021, 10:45
Фото: Ашық дереккөзден

Соңғы жылдары жер қойнауын пайдалану саласында көптеген проблемалар шешімін таппай келеді. Басты мәселелердің қатарында салада қабылданатын шешімдерде ашықтық пен жоғары сапалы геологиялық ақпараттың болмауы. Осы мәселені көтерген депутат Дариға Назарбаева үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Біріншіден, ескірген нормативтік-техникалық құжаттарға негізделген жобалық құжаттаманы келісудің ұзақ тәртібі. Мысалы, барлау жұмыстары басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушының құжаттары 6 ай бойы мемлекеттік органдарда келісуде жатуы мүмкін. Сынамалық пайдалану жоба 9 айдан 1,5 (бір жарым) жылға дейін созылатын 3 мемлекеттік сараптамадан (экологиялық сараптама, жер қойнауының мемсараптамасы, сынамалық пайдалану жобасының мемсараптамасы) өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Кен орнын игеру жобасы үшін де дәл осындай сараптамалар талап етіледі. Бұдан кейін барлау мен сынамалық пайдалануға қаражат салған компания оны одан әрі игеруге рұқсат алатыны факт емес», - дейді депутат.

Назарбаеваның айтуынша, соңында, ең қолайлы нәтиже болған жағдайда да, әлеуетті инвесторлар лицензиялау рәсімдерінен өту үшін 2-ден 3 жылға дейін жоғалтады. Сараптамалардан өту мерзімдерінің ұзаққа созылуы белгілі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Халықаралық тәжірибеде, мысалы, АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктерінде кен орындарын барлауға және игеруге өтінімдерді қарау мерзімі орта есеппен 3 айдан 6 айға дейінгі аралықты қамтиды.

«Екіншіден, миллиондаған қаражат салып, тәуекелдерді өз мойнына алатын инвестордың жобаның мерзімін оңтайландыруға және шикізат бағасы күрт төмендеген жағдайда шығындарды азайтуға мүмкіндігі жоқ. (Мысалы, соңғы үш жылда мұнайдың құны 85 және 19 АҚШ доллары арасында ауытқып отырды). Қазақстанда жұмысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін мемлекеттің рұқсаты қажет. Әйтпесе, инвестор келісімшартты, сонымен қатар, салынған барлық қаражатты жоғалтуы мүмкін. Жұмыстарды жүргізудің белгіленген мерзімін тоқтата тұруға немесе ұзартуға мемлекет тарапынан санкция алуға бір жарым айдан сегіз айға дейін талап етіледі. Халықаралық тәжірибеде егер экономикалық көрсеткіштер нашарласа (шикізат бағасының төмендеуі, девальвация), инвесторлар кен орындарын игеруді тоқтата тұру туралы өздері шешім қабылдай алады», - деді ол.

Осы айтылғандардың негізінде салаға инвестициялар деңгейін арттыру мақсатында келесі шараларды қарастыру ұсынылады. Атап айтқанда, Назарбаева халықаралық тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты мемлекеттің көзқарасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізу керектігін, ғалымдар әзірлемелері мен барлау деректері негізінде ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті.

«Мемлекеттің геология ғылымына деген көзқарасын қайта қарастырып, сала үшін қазіргі заманғы кадрлар даярлау мәселесіне аса назар аудару керек. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес және мемлекеттік басқару жүйесін цифрландырудағы жетістіктерімізді ескере отырып, мемлекеттік сараптаманы қарау мен тапсыру уақытын барынша  қысқартқан жөн. Инвесторларға әлемдік нарықта  дағдарыс болған жағдайда өз шешімдері бойынша кен орнын игеруді кейінге қалдыру құқығын беріп, геологиялық ақпаратты көпшілікке ашық ету керек. Кен орындарын барлау мен игеруге ашық конкурс өткізген жөн», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары