×
433.83
482.81
5.57
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
433.83
482.81
5.57

«Атамекен» биліктен бизнес мүлкін қорғауды сұрайды

Фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы билек органдарын бизнесті тәртіпсіздіктерден қорғауға шақырып отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. Ұлттық палата қазірдің өзінде зиян келтірген жағдайларды тіркеген. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау деректері бар.

«Бірқатар өңірде енгізілген төтенше жағдай шеңберінде «Атамекен» жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын кәсіпкерлердің мүлкін тонау мен тәртіпсіздіктерден қорғауға шақырады. Сонымен қатар, ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды», – делінген ҰКП таратқан мәлімдемеде.

Палатада жедел желі жұмыс істейді.
Байланыс: 1432 (тегін желі) 8 8000808010, Whatsаpp: 8 778 870 1432
Алматы: 8 7273 310 133
Алматы облысы: 8 7282 401999
Маңғыстау облысы: 8 7292 304040

Ұлттық палата төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс режимі бойынша Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарының комендатураларынан ресми ақпарат күтуде.