×
521.67
592.46
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.67
592.46
6.32

Теңге құлдырай ма? Жамаубаев түсініктеме берді

Теңге құлдырай ма? Жамаубаев түсініктеме берді
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев теңге бағамына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылар ұлттық валютаның күрт құлдырауы мүмкін деп пікір білдірген болатын. 

– Айтыңыздаршы, ол сарапшылар кімдер? Біз оларға хабарласамыз, сөйлесеміз. Жұма күні базалық мөлшерлемеге қатысты ресми брифинг өтеді – сол кезде бұл туралы кеңірек пікір білдіре аламыз, – деді Жамаубаев.

Журналист “қазақстандықтар девальвациядан қауіптенуі керек пе” деп сұрады. 

– Мен сіздерге айтып тұрмын ғой – қауіптенудің қажеті жоқ, – деп нақты жауап берді.

ТЕҢГЕНІҢ ТАҒДЫРЫ

Еске салайық, бұған дейін экономист Алмас Чукин теңгенің тағдырына қатысты сұраққа жауап берген болатын. Экономист соңғы уақытта көпшілік арасында «доллар әлсірейді» деген пікірдің көбейіп кеткеніне таңғалды.

Серіктес жаңалықтары