Аталған ақпарат әуелі әлеуметтік желіге тараған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ватсап желісінде “10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігіү ауыстырмағандар қайта емтихан тапсырады” деген ақпарат тараған. Ulysmedia.kz мұның рас-өтірігін Ішкі істер министрлігінен сұрады.
ІІМ НЕ ДЕЙДІ
Вкдомство әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралып жатқанын, алайда бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
• жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
• мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет. "Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді” делінген хабарламада.