×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Путинді тоқтатпаса, Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Зеленский

14.04.2025, 09:17
Путинді тоқтатпаса, Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін – Зеленский
УНИАН

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина жерінде бүкіл әлемнің тағдыры шешіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік басшы Владимир Путинді тоқтатпаған жағдайда, Украинадағы соғыс үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін екенін ескертті.

CBS News-ке берген сұхбатында ол бұл соғыста бүкіл әлемнің қауіпсіздігі таразыға тартылып тұрғанын атап өтті.

Егер біз табандылық танытпасақ, ол (Путин) алға жылжи береді. Бұл жай ғана бос болжам емес — бұл нақты қауіп. Путиннің түпкі мақсаты – Ресей империясын қалпына келтіру және қазіргі таңда НАТО қорғайтын аумақтарды қайтару. Осының бәрін ескерсек, жағдай жаһандық соғысқа алып келуі әбден мүмкін, – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, мұндай жағдайда әлемде «ешкім үшін қауіпсіз жер қалмайды».

Бұған дейін Литва президенті Гитанас Науседа Ресейдің 2030 жылға дейін НАТО елдеріне шабуыл жасауы мүмкін екенін айтып, өз елі осындай сценарийге дайындалып жатқанын мәлімдеген.

Ал әскери сарапшы, тарихшы Зонке Найтцель Ресейдің Литваға шабуылы биылғы күзде орын алуы ықтимал деп есептейді.

Еуропада түрлі қауіп-қатер сценарийлеріне дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты Еурокомиссия ЕО азаматтарына кемінде 72 сағатқа жететін азық-түлік пен ауызсу қорын әзірлеп қоюды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары