×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Бір-бірімізді тексерейік деп Зәкеңмен келіспедім – Мақпал Жүнісова неке куәлігін көрсетті

14.04.2025, 18:15
Бір-бірімізді тексерейік деп Зәкеңмен келіспедім – Мақпал Жүнісова неке куәлігін көрсетті
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова саясаткер болған Заманбек Нұрқаділовпен отырған некесінің куәлігін көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз дегенде, жоқ Зәке жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе? Бір екі жыл бір-бірімізді тексерейік деп келіспедім, содан жеті жыл заңсыз тұрдық, – деп жазды Мақпал Жүнісова.

1998 жылы 1 қазанда неке қиылған.

Мақпал Жүнісова — Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі және эстрадалық ән өнерінің көрнекті өкілі. Ол "Қазақтың ерке қызы" атанып, көптеген хит әнімен танымал болды. Өнер жолында көптеген марапатқа ие болып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.​

Заманбек Нұрқаділов — мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласының бұрынғы әкімі, түрлі мемлекеттік қызметте болған. Ол өзінің батылдығы мен турашылдығымен ерекшеленіп, ел есінде қалды. 2005 жылы оның кісі қолынан өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды.​

 

Серіктес жаңалықтары