×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Almaty Arena мен Halyk Arena мемлекетке қайтарылды

Almaty Arena мен Halyk Arena мемлекетке қайтарылды
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматыдағы Almaty Arena мен Halyk Arena мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы әкімдігі спорт нысандарын коммуналдық меншікке қайтаруға қатысты түсініктеме берді. 

Бұған дейін спорттық қауымдастықта жеке меншік басқаруындағы ірі мұз айдынына шектеулі қолжетімділігіне қатысты мәселе көтерілген болатын. Атап айтқанда, БАҚ-та мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан еліміздің үздік спортшыларын даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтылған материалдар шыққан болатын.

- 2024 жылдан бастап Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ірі спорттық нысандарды қаланың балансына қайтару жұмыстары басталды. 2024 жылы «Almaty Arena» және «Halyk Arena» көпфункционалды кешендері коммуналдық меншікке өтті, делінген әкімдік жауабында. 

Әкімдік бұл мұзды бөлу тетігін ашық түрде ұйымдастыруға және барлық санаттағы спортшылар үшін ареналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановпен кездесу барысында Михаил Шайдоров қабылданып жатқан шараларға алғыс білдіріп, жаттығу процесінің ұйымдастырылуы мен спорттық инфрақұрылымға қолжетімділік бойынша жүйелі жақсартуларды атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық құраманың дайындық жағдайын қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кездесуде, Михаил Шайдоровтың халықаралық жиындар мен жарыстар арасындағы кезеңдерде Алматыда жүрген уақытында «Halyk Arena» базасында жеке жаттығу өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл оның туған қаласында жеке дайындығы мен спорттық формасын сақтау үшін қолайлы жағдай жасайды, делінген жауапта. 

Серіктес жаңалықтары