×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Қазақстандықтарға жағымсыз жаңалық: Еуроодақ миграция талаптарын күшейтеді

17.04.2025, 08:10
Қазақстандықтарға жағымсыз жаңалық: Еуроодақ миграция талаптарын күшейтеді
Ашық дереккөзден

Еуропалық одақ көші-қон саясатын едәуір қатаңдатуға ниетті. Еурокомиссия мигранттарды кері қайтаруға қауіпсіз деп танылған елдердің ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылғы 16 сәуірде белгілі болғандай, бұл тізімге жеті мемлекет енген: Бангладеш, Колумбия, Косово, Египет, Үндістан, Марокко және Тунис. Жаңа тәсіл ЕО-ға мүше елдерге босқын мәртебесін сұраған өтініштерді жедел қарауға әрі өтініші қанағаттандырылмаған адамдарды елдеріне қайтаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Еурокомиссия бұл жаңашылдықтың мақсаты – миграция қызметтеріне түсетін жүктемені азайту және өтініштерді өңдеу жүйесін тәртіпке келтіру екенін атап өтті. ЕО-ның миграция мәселелері жөніндегі комиссары Магнус Бруннердің айтуынша, көптеген мүше мемлекеттер шектен тыс жиналып қалған өтініштермен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан "шешім қабылдау үдерісін жылдамдататын кез келген шара – аса маңызды" дейді ол.

Брюссельде атап өткендей, кейбір ЕО елдері мигранттарға қатысты істерді қараған кезде "шығу тегі қауіпсіз елдердің" ұлттық тізімін бұрыннан қолданып келеді.

Енді Еурокомиссия осы тәжірибені бүкіл Еуроодақ көлемінде бірыңғай форматқа келтіруді ұсынып отыр. Бұл бастама авторларының ойынша, мүше елдердің әрекеттерін үйлестіру мен жеделдікті арттыруға жол ашады.

Серіктес жаңалықтары