×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі тағайындалды

17.04.2025, 12:51
Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі тағайындалды
Фото: kazpravda.kz

Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАРЛЫҚ

Президенттің жарлығымен Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

БАРЛЫБАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Төлежан Барлыбаев 1970 жылы Теміртауда дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолында әр жылдары Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде бірінші хатшы, кеңесші, Польша Республикасындағы Елшілікте кеңесші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінде бас инспектор болған.

Сыртқы саясат саласында Қазақстанның Хорватиядағы елшісі, сонымен қатар қосалқы негізде Босния және Герцеговина мен Черногориядағы елші қызметін атқарған. Соңғы қызметі – Қазақстан Республикасының Словакиядағы төтенше және өкілетті елшісі болған. 

Серіктес жаңалықтары