×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Арнайы жасақ, ықтимал қауіп – «Москва» сауда үйінде не болып жатыр

17.04.2025, 17:52
Арнайы жасақ, ықтимал қауіп – «Москва» сауда үйінде не болып жатыр
Ұлысмедиа

Алматыдағы «Москва» сауда үйінен адамдарды жаппай эвакуациялағаннан кейін оқиға орнына арнайы жасақ келе бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтар әуелі өрт себебінен солай болып жатыр деп тұспалдаған. Бірақ өрт белгілері байқалмаған. 

Отырғанбыз. Дабыл қосылды. “Назар аударыңыз, төтенше жағдай, бәріңізді сыртқа шығаруды сұраймыз. Басында ешкім мән бермеген. Содан кейін сауда үйінің күзет қызметкерлері отырған жерімізден қуып шықты, – дейді куәгерлердің бірі.

Ulysmedia.kz тілшісі қаланың төтенше жағдайлар департаментінен түсініктеме сұрады. Әзірге жауап келген жоқ.

Бірақ “Москва” сауда үйінің әкімшілігі мынадай ақпарат таратты:

Оқиға орнына арнайы жасақ келе бастады.

Ulysmedia.kz оқиғаның барысын назарда ұстайды.

P.S

Алматы қаласының полиция департаменті көп өтпей ресми түсініктеме берді. Ресми мәліметке сүйенсек, сауда үйінде жарылғыш зат орналастырылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазір шұғыл қызмет мамандары нысанды тексеріп жатыр. “Жедел қызметкерлер хабар берген жасырын адамды тексеріп жатыр, ол жауапкершілікке тартылады” деп ақпарат таратты департамент.

Серіктес жаңалықтары