Интернетте Алматы мен Токио қалаларындағы азық-түлік бағасын салыстырған видео пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
YouTube желісінде жарияланған видеодағы автордың нақтылауынша, барлық өнімнің салмағы – 1 келі. Брендтер әртүрлі болуы мүмкін, алайда бір баға санатына жатады. Бағалар жапон иенасынан теңгеге аударылған.
Міне, салыстырма нәтижесі:
Мандарин: Токиода – 2850 тг, Алматыда – 1279 тг;
Алма: Токио – 2850 тг, Алматы – 899 тг;
Қызанақ: Токио – 1436 тг, Алматы – 1355 тг;
Қияр: Токио – 1436 тг, Алматы – 500 тг;
Картоп: Токио – 3231 тг, Алматы – 390 тг;
Тауық еті: Токио – 3931 тг, Алматы – 1642 тг;
Сиыр етінен тартылған фарш: Токио – 11 913 тг, Алматы – 2795 тг;
Лосось: Токио – 14 404 тг, Алматы – 16 000 тг;
Ұн: Токио – 1693 тг, Алматы – 740 тг;
Қант: Токио – 1404 тг, Алматы – 800 тг.
Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің дерегіне сәйкес, елдегі орташа жалақы айына 500 000–700 000 иена шамасында (шамамен 4600–6400 АҚШ доллары).
Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа жалақы – 434 мың теңге (шамамен 800 доллар), ал медиандық жалақы – 308 717 теңге (шамамен 580 доллар).