×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Біреуі барсеткасынан, біреуі қалтасынан пышақ шығарып жатты – Шерзаттың досы сотта жауап берді

18.04.2025, 17:20
Біреуі барсеткасынан, біреуі қалтасынан пышақ шығарып жатты – Шерзаттың досы сотта жауап берді
скриншот

Талғардағы былтыр қанды оқиға кезінде «Қамажай» дүкенінің алдында болғандардың бірі – Шерзат Полаттың досы Мирас Сейсенбай. Ол төбелестен аман қашып құтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕРЗАТТЫҢ ДОСЫ НЕ ДЕЙДІ

Мирас Сейсенбайды досы “Қамажай” дүкеніне ертіп келген. Себебі Шерзат оларды дүкен жаққа шақырған. Бірақ Ахмет Махмет, Мирас Сейсенбайлар “Қамажай” дүкенінің алдына келген кезде Шерзаттың өзі жоқ болған.

Біз келгенге дейін бір көлік тұрған. Біз келген соң Гольф көлігінен үш адам түсті. Артынан Мерседес кабаннан бірнеше адам түсті. Ішінде екі әйел бар. Олар Ахметтен «менің бауырымды ұрған сен бе» деп сұрады. Ахмет «жоқ» деп жауап берді. Ішінде біреуі Ахметті ұрды. Кім ұрғанын түрлеріне қарап үлгермедім. Маған біреу келе жатып, итеріп жіберді. Бір аяғым арыққа түсіп, қарасам Ахметті төбелестің ішінен Нұрқанат пен тағы бір аға тартып жатыр екен. Екінші кісінің түрін көріп үлгермедім. 

Бір-екеуінің қолынан пышақ көріп қалдым. Қашу керектігін түсіндік. Бізге «қашыңдар» деді. Біз қашып кеттік. Қашып келе жатып Шерзатқа қоңырау шалғанымызда «келмей-ақ қойыңдар» деді. Содан кейін қайтадан қоңырау шалдық. Шерзат алмаған соң қайтадан дүкен алдына бардық. Сол кезде Шерзаттың әжесін көрдім. Жағдайын төмендеп кетіпті. «Сендер кімсіңдер, балам-ау» деп есікке сүйеніп тұрды, – деді ол.

Сұрақ-жауап кезінде Мирас Сейсенбай жиналған жігіттердің “біреуі барсеткасынан, біреуі қалтасынан пышақ шығарып жатты. Бәкі екені көрініп тұрды. Бәкіні жабық күйінде көрдім” деп жауап берді.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!

Серіктес жаңалықтары