Астанада Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш.Бөкеев көшесіне орташа жөндеу жүргізеді. Осыған байланысты учаскедегі көлік қозғалысы он күнге жабылады, деп хабарлайды
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, 20-30 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қожғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада LRT құрылысына байланысты кейбір жолдар қыркүйекке дейін жабылатынын хабарлаған едік.