×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған базардан тағы шу шықты

Бүгін, 10:50
Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған базардан тағы шу шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Алматыдағы «Байсат» базарында заңсыз ақша жинау деректеріне қатысты тұрғындар шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде тараған видеода қала тұрғыны базар аумағына кіргені үшін қолма-қол ақша талап етіліп, түбіртек те, талон да берілмейтінін айтқан.

“БІР КІРСЕҢ ШЫҚПАЙСЫҢ”

— Ақшаны қолма-қол алады. Бір ғана кіретін жол бар, шығатын жол мүлде жоқ. Машиналар бір-біріне тығыз тұрып алған, орын табу қиын. Бір сағаттан бері шыға алмай тұрмыз. Міне, бізге "әкімдікке өтті" деген "Байсатымыз" осындай. Талон да, ештеңе де жоқ, бірақ ақша жинап жатыр. Бұл мәселені ешкім шешпейді, — дейді бейнежазба авторы.

БАЗАР ТУРАЛЫ

Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарында Алматының мамандандырылған экономикалық соты «Байсат» базарына қатысты барлық мәмілені заңсыз деп таныған. Сот барысында базар кешенінің заңсыз сатылғаны дәлелденіп, мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫМЕН БАЙЛАНЫС

Сот дерегіне сәйкес, 4,2 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан үш нысан мен 1,4 гектар жер телімі бұрын «КазГерСтрой» БК» ЖШС және «Astana Financial Group» ЖШС-не тиесілі болған. Бұл компаниялар Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі және бір-бірімен тығыз байланысты болған.

Заңсыз мүліктер қайтарылса да, базардағы тәртіп пен бақылау мәселесі әлі де шешілмегені байқалады. Қоғам тарапынан бұл жағдайға байланысты жауапты органдардан нақты әрекет пен есеп талап етіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары