×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Ақша ұрлаған алаяқ жеке сот орындаушылар әлі ашық жұмыс істеп жатыр – Базарбек

Бүгін, 12:04
Ақша ұрлаған алаяқ жеке сот орындаушылар әлі ашық жұмыс істеп жатыр – Базарбек
Ашық дереккөзден

Депутат Бақытжан Базарбек прокурорлар алаяқ деп таныған жеке сот орындаушылар еш кедергісіз жұмысын жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Бақытжан Базарбектің айтуынша, заңсыздығы әшкереленген жеке сот орындаушылардың фактілері өте көп. Саны – 606 факт. Прокуратураның ұсынысы берілген 29 сот орындаушы бар.

Әрқайсының сайтына кірдік. Бәрінің сайты бар екен. Жұмыс істеп жатыр ғой бұлар. Сонда қай жеке сот орындаушылардың лицензиясын айырып жатырсыздар? Бұл прокуратураның 2022 жылғы шешімі. Орындалуы керек қой! Ол кезде министр Мусин еді. Шешімде сол сот орындаушылардың жұмысы тоқтатылсын делінген. Ақша ұрлаған, алаяқтық жасаған жеке сот орындаушылардың сайты істеп тұр. Бұл қалай? – деп сұрады Бақытжан Базарбек.

МИНИСТР НЕ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ

Бұл сұраққа жауап берген әділет министрі Ерлан Сәрсембаев лицензияны айыру мәселесі сот арқылы шешілетінін айтты.

Осы фактілерді шешу үшін тараптар кабинетін дамытқымыз келеді. Егер тараптар кабинетінде борышкер, тәркілеуші бойынша ақпараттық порталда нақты факттар болса, онда сол мезетте қайтадан шағым түсіруіне болады. Әділет министрлігінде лицензиядан айыратын мүмкіндік туады, – деді ол.

Сәрсембаев егер жеке сот орындаушыларына қатысты айтылған факттардың бәрі расталса, әрбірін жеке өзі қарауға дайын екенін айтты. Әділет министрлігінің қызметкерлері прокуратураның сол өкімін сотқа жолдағанын айтты. Адами факторды жоққа шығармады.

Соған қарамастан Бақытжан Базарбек 2022 жылдан бері прокурорлар әрекеті заңсыз деп таныған жеке сот орындаушылары жұмысын жалғастыра бере ме деген сұрақты қайта қойды. Министр сот шешімі шықпай, жеке сот орындаушыларының жұмысын тоқтата алмайтынын айтты. Әр фактіні жеке қарауға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары