×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

ІІМ Украинадағы тұтқыннан екі қазақстандық босап шыққанынан хабарсыз болып шықты

Бүгін, 14:41
ІІМ Украинадағы тұтқыннан екі қазақстандық босап шыққанынан хабарсыз болып шықты
Фото: Ресей қорғаныс министрлігі

Мәжіліс кулуарында журналистердің Украинадағы тұтқыннан босатылған екі қазақстандыққа қатысты сауалға ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бізде ондай ақпарат жоқ. Сондықтан түсініктеме бере алмаймын. Бұл ішкі істер министрлігінің құзыретіне кірмейтін мәселе. Біздің басты міндетіміз – қылмыстың алдын алу және оны ашу, – деді Әділов.

Журналист бір емес, бірнеше рет қайтара сұрақ қойды. Қазақстанның екі азаматы елге оралса, не болатынын білгісі келді. Соған қарамастан Әділов “бұл ақпараттан хабарсызбын” дегеннен ары аспады.,

Ulysmedia.kz 20 сәуірде тұтқын алмасу кезінде Украинада соғысқан екі қазақстандық азаматтың босатылғанын хабарлаған еді. Бұл ақпаратты ресейлік «Наш выход» атты қоғамдық қозғалыс таратқан. Тараған дерекке сай, тұтқын алмасу аясында 2005 жылы туған Егамбердиев Шерхан Жұманазарұлы мен 2002 жылы туған Ордабаев Ерболат Дулатұлы бостандыққа шыққан.

Айта кетейік, тұтқындар алмасуы 19 сәуір күні өткен. Сол күні әр тараптан 246 адам босатылған. Украина жағы 31 жаралы сарбазын қайтарып алса, Ресей тарабына 15 жаралы әскери тапсырылған.

Серіктес жаңалықтары