×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Отандық кино vs Голливуд: қазақстандықтар қандай киноны көбірек көреді

Бүгін, 18:55
Отандық кино vs Голливуд: қазақстандықтар қандай киноны көбірек көреді
Фото: Pexels.com

Қазақстанда 2024 жылы кинотеатрларға 23 миллионнан астам көрермен барған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен жылы елімізде 514 фильм түсірілген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 127-ге артық. Солардың 18%-ы – толықметражды фильмдер.

Түсірілген картиналардың құрылымы былайша бөлінеді:
– 175 көркем фильм,
– 215 деректі фильм,
– 83 анимациялық,
– 41 шежірелік (хроникалық) фильм.

Сонымен қатар, елдегі киностудиялар саны қысқарған – қазір олардың саны небәрі 80.

Киносеанстар бойынша

2024 жылы толықметражды фильмдерге жасалған кинотеатрларға бару көрсеткіші – 23 миллион. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім бар деген сөз. Оның 53%-ы (12,2 млн) шетелдік фильмдерге тиесілі.

Қазақ фильмдерін көргендер – 43% немесе шамамен 9,9 млн көрермен.

Қазақстанда қазіргі таңда 113 кинотеатр бар. Ең көбі – Алматыда (22). Бұл қала 7,8 млн көрерменмен алда келеді. Одан кейін – Астана (11 кинотеатр, 4 млн көрермен) және Шымкент (7 кинотеатр, 1,9 млн көрермен).

Бұған дейін біз кинотеатрлардың қазақстандық фильмдерден қанша табыс тапқаны жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары