Запорожье қаласына ресейлік армия 22 сәуірде соққы берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоров мәлімдеді. Оның айтуынша, әуе дабылы жарияланып, дрондар мен басқарылатын әуе бомбаларын қолдану қаупіне байланысты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылған.
69 жастағы әйел ауыр жарақат алып, дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады.
Федоровтың айтуынша, үш бала жарақат алған, олардың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Бір бомба инфрақұрылым нысанына түссе, екінші бомба тұрғын үй көп орналасқан аймаққа түскен. Федоров жариялаған кадрларға қарағанда, шабуыл салдарынан көпқабатты тұрғын үй қатты зақымданған. Алты адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
ХАРЬКОВҚА 12 ДРОН ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ: КЕМ ДЕГЕНДЕ 3 ЖАРАЛЫ
22 сәуір күні Харьков қаласы да дрондармен шабуылға ұшырады. Қала мэрі Игорь Тереховтың хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, қалаға 12 соққы жасалған. Бұл шабуылдар өртке себеп болған.
Кем дегенде үш адам жарақат алған.