×
518.07
595.21
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.07
595.21
6.37

«Қазақ тілін білмегеніме ұялдым»: Батуми тұрғыны тіл үйрену жайлы кеңес берді

«Қазақ тілін білмегеніме ұялдым»: Батуми тұрғыны тіл үйрену жайлы кеңес берді
ЖИ / ulysmedia.kz

Желіде Грузия тұрғынының қазақ тілін үйрену құпияларымен бөліскен видеосы қызу талқылануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Роман – Ақтөбеде дүниеге келген, қазіргі таңда Батуми қаласында тұрады. Ол Қазақстанды «ой еркіндігі мен рух бостандығы үшін» жақсы көретінін айтады.

Роман қазақ тілін бала кезінен үйрене бастаған. Бұл жолда мектептегі мұғалімдер де, достары да көп көмектескен екен.

– Мен бала кезімнен қазақ достарыммен араластым, сондықтан бұл тілді білмеу мен үшін ұят болды. Мен тырысқанда, үйрене бастағанда, достарым үнемі қолдап отырды. Енді міне, Грузияға келген соң, тілдердің ұқсастығын байқадым. Мысалы, «адам» сөзі грузинше «адамиани» деп айтылады. Немесе «бақа» – грузинше «бакаки». Яғни, мен грузин тілін үйренгенде қазақ тілі өте көп көмектесті, дейді Роман.

Қазақ тілін енді үйреніп жүргендерге ол ұялуға болмайтынын және тілді барынша жиі қолдануға тырысу қажет екенін айтады.

– Қазақша жай ғана сөйлесу керек. Қандай сөз білсең де, сөйлеу барысында қосып отыру керек, дейді ол.

Серіктес жаңалықтары