Бүгін таңертең ғана қазақ журналистикасының тұғырлы тұлғаларының бірі, публицист Серғазы Мұхтарбеков дүние салған. Кезіндегі үзеңгілес досы Ермұрат Бәпи оны еске алып жазба жариялдаы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи желідегі парақшасында жазды.
“Ғасыр басында Алтынбекпен (Сәрсенбайұлы), Ғалымжан Жақиянов құрдасымен "ДВК" қозғалысына бірге келіп, Қазақстандағы демократиялық медианың өрісін кеңейтуге ерекше үлес қосқан қайтпас, қайсар азамат еді”- деп жазды Бәпи парақшасында.
КӨРНЕКТІ ҚЫЗМЕТІМЕН ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛАДЫ
Серғазы Мұхтарбековтің журналистикадағы жолы студент кезінен басталды. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алып, 1985 жылы оқуын тәмамдаған.
“Серғазы екеуіміз КазГУ-дің (бұрынғы атауы) журналистика факультетінде бір курста қатар жүріп, оқуды бірге бітірдік (1985). Арамыздан қыл өтпеген дос болдық. Дос болып қалдық. "Дос болып қалдық" дейтін себебім - оппозициялық прессада неше түрлі қуғын-сүргінде жүргенде, біздер біраз достан тірідей айырылдық... "Аш пәледен - қаш пәленің" кебі, тіршіліктің қамы...”- деді Ермұрат Бәпи.
СЕРҒАЗЫ МҰХТАРБЕКОВ
Серғазы Мұхтарбеков – Қазақстанның белгілі журналисті, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты және «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы. Ол 1961 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Оның басшылығымен «Қазақстан» газеті елдің ақпараттық кеңістігінде маңызды орын алып, қоғамдық-саяси оқиғаларды белсенді жариялаған