×
517.16
588.48
6.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.16
588.48
6.23

Абу-Дабиға аптасына үш рет ұшады – әуе нарығына араб компаниясы кірді

Бүгін, 09:53
Абу-Дабиға аптасына үш рет ұшады – әуе нарығына араб компаниясы кірді
Ашық дереккөзден

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды.

ҚАШАН ҰША БАСТАЙДЫ

Биыл 1 маусмынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына БАӘ-нің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді. Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

ОЛ НЕ БЕРЕДІ 

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары