×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Алматыда такси жүргізушісін балағаттап, ұрған екі жолаушы сотталды

25.04.2025, 11:05
Алматыда такси жүргізушісін балағаттап, ұрған екі жолаушы сотталды
скриншот

Алматыда такси жүргізушісін балағаттап, ұрған екі жолаушы сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ШЕШІМІ 

Алматы қаласының соттарында биыл сәуір айында такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. мен К. арасындағы қақтығысқа қатысты екі іс қаралғанын хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, Т. көліктің артқы орындығында темекі шегіп отырған. Жүргізушінің ескертуіне ол агрессивті жауап берген – балағат сөздер айтып, жүргізушіні желкеден ұрған. Сот Т.-ны қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамаққа алуды және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді шешкен. Екінші жолаушы К., көліктің алдындағы орнында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер қолданған. Ол әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (кішігірім хулигандық) жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, – деп хабарлады сот.

Екі сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны жөнінде бұрын ақпарат тараған. Оның алдында алматылық тұрғын көлігінде темекі шегуге рұқсат бермеген жүргізушіні ұрып жібергенін хабарлаған едік.  Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұрып-соғу фактісі бойынша полиция Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. “Қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр” деп хабарлады полиция.

 

 

Серіктес жаңалықтары