Қазақстан Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаевпен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР
Келіссөздер нәтижесінде мынадай шешімдер қабылданды:
Қырғызстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстанға экспорттау үшін «жасыл дәліз» құру;
Мұнай жеткізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізу;
Көші-қон ережелерін жеңілдету мақсатында арнайы жұмыс тобын құру.
ТЕМІРЖОЛ ТАРИФТЕРІНЕ ЛЬГОТТАР
Қырғызстан өз аумағы арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың экспорты мен транзиті кезінде магистральді теміржол желісі қызметтеріне жеңілдіктер алу мүмкіндігін қарастырылып жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Сарапшылар Қазақстандағы көкөніс пен жеміс-жидек бағасы ТМД елдеріндегі жағдаймен салыстырған.
Energyprom.kz мәліметінше, 2025 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда көкөніс пен жеміс-жидек бір ай ішінде 3,1%-ға, ал жылдық есепте 11,9%-ға қымбаттаған. Атап айтқанда, бір ай ішінде жаңа піскен жеміс-жидек бағасы 4,4%-ға, өңделген жемістер 0,2%-ға, жаңа піскен көкөністер 3,1%-ға, өңделген көкөністер 1,2%-ға өскен. Жылдық есепте жаңа піскен жеміс-жидек 5,4%-ға, өңделген жемістер 3,1%-ға, жаңа піскен көкөністер 13,6%-ға, өңделген көкөністер 8%-ға қымбаттаған.
Нақты бағаларға келсек, 2025 жылдың наурызында картоптың орташа бағасы келісі 233 теңге, қырыққабат – келісі 190 теңге, пияз – келісі 131 теңге, қызылша – келісі 315 теңге, сәбіз – келісі 162 теңге болды. Қиярдың бір килосы орта есеппен 1,2 мың теңге, қызанақ – 1,3 мың теңге, алма – 696 теңге, банан мен апельсин – 1,2 мың теңге, лимон – 1,3 мың теңге, курага – 4 мың теңге тұрған.