×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда ұсталған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады

11.01.2022, 08:34
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ақпарат тараттты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан және арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірге Таразда Макаров пистолетін, патронсыз магазинді, 1 бронижилетті және "ТОЗ 35" пневмативкалық пистолетті тәркіледі», - деп хабарлады министрліктен.

Айта кетсек, Қазақстанда газ бағасына деген наразылық Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында басталған еді. Артынша жаңаөзендіктердің толқуына Ақтау қаласы қосылды. Кейін акцияға Атырау мен Батыс Қазақстан облысының халқы үн қосып, бейбіт митингтің соңы содырлардың ылаңына ұласты. Президент бұған дейін жазғандай Алматы қаласына 20 мың содыр шабуыл жасап, полиция және әскери қызметкерлер қаза тапқан. Ал бейбіт халықтың ішінде қанша адамның қайтыс болғаны әлі айтылмайды.

Осы оқиғаларға байланысты Қазақстан билігі Ұжымдық қауіпсіздік шаршы ұйымына мүше елдерден бітімгер әскер сұрады. Қазір ұйымға мүше мемлекеттердің әскері Қазақстанның бірнеше қаласындағы инфрақұрылым нысандарын қорғап тұр. 10 қаңтарда елде жалпыұлттық аза тұту күні өтті.

Серіктес жаңалықтары