Алматы әкімдігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген.
– Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр, – деп жазды Желдібай.
Сонымен бірге әкім қызметінің тиімділігіне президент әкімшілігі сараптама жүргізетінін айтылған.