×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Энергетика министрлігінің өкілеттері кеңейді

26.04.2025, 18:30
Энергетика министрлігінің өкілеттері кеңейді
Энергетика министрлігі

Қазақстан үкіметі энергетика министрлігінің жаңа функцияларын бекітті. Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 21 сәуірдегі қаулымен ведомство туралы Ережеге енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Енді энергетика министрлігі:

  • Сауда саласын реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізімін келіседі, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
  • Инвесторлар мен олардың жобалары туралы ақпаратты инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға береді.

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, 1 шілдеден бастап министрлік:

  • Реттелетін салаларда тауарлық биржалар арқылы міндетті түрде сатылатын биржалық тауарлар бойынша сауда-саттықты мониторингтеуді жүзеге асырады.
  • Биржалық тауарлар тізімін келісу және оны түзету процесіне қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ел аумағынан сыртқа шығаруға қойылған шектеуді ұзартуды жоспарлап отырғанын жазған едік.

 

Серіктес жаңалықтары